«Samruk-Kazyna Construction» АҚ
2020 жылдық есеп

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

01

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

02

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ 2020 ЖЫЛҒЫ ЕСЕП

Қоғам ең үздік әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, дәстүрлі түрде корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құруға басты назар аударады. Қоғам Корпоративтік басқару кодексінің негізгі қағидаларын орындауды Компанияны ұзақ мерзімді табысты дамытудың, оның инвестициялық тартымдылығын арттырудың қажетті талабы деп есептейді.

Корпоративтік басқару кодексінде тұжырымдалған қағидалар Компания үшін өзінің меншікті ішкі құжаттарын әзірлеудің маңызды көзі және ең үздік корпоративтік басқару тәжірибесін қалыптастырудың бағдары болып табылады.

Қоғам корпоративтік басқару құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкестендіруге, басқару органдары арасында міндеттемелерді нақты бөлуге тырысады.

Корпоративтік басқару қағидаларын ұстану компания қызметінің әділ талдауын жүргізуге қатысты тиімді ұстанымды құруға ықпал етеді.

Корпоративтік басқару әділдік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық, есептілік, мөлдірлік, кәсіпқойлық пен құзіреттілік негіздеріне құрылған. Корпоративтік басқарудың тиімді құрылымы барлық мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін сыйлауды көздейді, Компанияның табысты қызметіне, сонымен қатар оның құндылықтарын арттырып, нарықтық құнын ұлғайтуға, қаржы тұрақтылығы мен кірістілікті сақтап қалуға ықпал етеді.

Қоғам тұрақты негізде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шараларын қолданып отырады.

«Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексі қағидаларының орындалғаны туралы есеппен Қоғамның интернет-сайтында танысуға болады: https://skcn.kz/ru/news/otchet-o-sledovanii-principam.

Қоғам тұрақты негізде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шараларын қолданып отырады.

03

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ (31.12.2020 ж. жағдай бойынша)

ТҰТҚЫШЕВ ЕРЖАН БЕКСҰЛТАНҰЛЫ

Директорлар кеңесінің Төрағасы, 7.09.2020 ж. дейін

Жалғыз акционердің өкілі

Туған күні: 10.12.1981 ж.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күн: 26.09.2016 жыл.

Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланған күн: 23.04.2018 жыл.

(7.09.2020 жылға дейін).

Білімі:

• Санкт-Петербург Экономика және қаржы Мемлекеттік Университеті, РФ, «Қаржылық талдау және бухгалтерлік есепке алу», 2004 ж.;

• Иллинойс университеті, Урбана-Шампейн, АҚШ, «Қаржы магистрі», 2007 ж.

Жұмыс орны, соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған лауазымдары:

• 2020–2021 жылдары Логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

• 2019–2020 жылдары Активтерді дамыту мен жекешелендіру жөніндегі бірлескен басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

• 2018–2019 жылдары – Активтерді дамыту жөніндегі департамент директоры – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

• 2017–2018 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Жаңа салаларды дамыту жөніндегі басқарушы директоры.

• 2016–2017 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Жаңа салаларды дамыту жөніндегі бірлескен басқарушы директоры.

• 2014–2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Бизнесті дамыту жөніндегі Бас директордың орынбасары.

Қосарлап жұмыс істеу және Директорлар кеңесіндегі мүшелік:

«Самұрық-Қазына» АҚ өзге еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің құрамында.

Компанияның, Компанияның өнім берушілерінің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

• Жоғары экономикалық білімі және Ұлыбританиядағы Манчестер Университетінің Манчестер бизнес мектебінің қаржы және есеп жөніндегі магистр дәрежесі бар.

• Әртүрлі халықаралық кәсіби сертификаттары, соның ішінде АҚШ-тағы Басқарушылық бухгалтерлер институтының (СМА), Швейцариядағы Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының (IPMA), Ұлыбританиядағы Айрықша құқықты бухгалтерлер қауымдастығының (АССА) сертификаттары бар.

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудиторлық лицензиясы бар.

Жұмыс орны, соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған лауазымдары:

• Әр жылдары Philip Morris Kazakhstan, «ЭлитСтрой» ЖШС-да, «PricewaterhouseCoopers» халықаралық аудиторлық фирмасында жұмыс істеді.

• Самұрық-Қазына» АҚ-ға (бұдан әрі – Қор) келгеннен кейін Ішкі аудит қызметінің жұмысына жауап берді, Қордың Директорлар кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитет пен Трансформацияны бақылау комитеті хатшысының міндетін атқарды және Қордың бірқатар еншілес ұйымының Директорлар кеңесі жанындағы Аудит жөніндегі комитеттердің мүшесі болды

• 2016 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ қаржы бақылаушысы лауазымына тағайындалып, кейіннен қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымына бекітілді. Қазіргі уақытта Экономика және қаржы жөніндегі бірлесіп басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

Директорлар кеңесіндегі мүшелік және қызметті қосарлап атқару бойынша жұмыс:

«Самұрық-Қазына» АҚ өзге еншілес ұйымдарының Директорлар кеңесінің құрамында.

Компанияның, Компанияның өнім берушілерінің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

• 1999 ж. – ҚМЭБИ-ді тәмамдады, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA). Мамандығы: бухгалтерлік есеп және қаржы.

• 1995 ж. – Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және Әлем Тілдері Университетін аудармашы-референт мамандығы бойынша тәмамдады.

• Қосымша өткен тренингтері, курстары, семинарлары және соңғы уақыттағы тағылымдамалары:

• Мемлекет қатысатын компаниялардың Директорлар кеңесінің мүшелеріне арналған корпоративтік басқару, Дүниежүзілік банк, 2019 ж.;

• 2007–2018 жылдары – ҚМЭБИ университеті, Іскерлік әкімшілендіру докторы бағдарламасы бойынша курстар. Мамандығы: бухгалтерлік есепке алу.

• Корпоративтік басқару– басшыларға арналған біліктілікті арттыру бағдарламасы, Гарвард бизнес-мектебі, 2013 ж.;

• 2015 ж. – Дипломды директор (Dip IoD), Ұлыбританияның Директорлар институты;

• 2013 ж. – Сертификатталған директор (Cert IoD), Ұлыбританияның Директорлар институты;

• 2013 ж. – Корпоративтік басқару жөніндегі сертификатталған директор (CCGD), Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығы;

• Сертификатталған бухгалтер-практик (CAP), ICCAA, 2003 ж.;

• 2005–2006 жылдары – ҚР «Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржы есептілігі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бойынша қорытынды дайындайтын жұмыс тобының мүшесі, ҚР Үкіметінің Мәжілісі;

• 2009–2011 жылдары –ХҚЕС-ң орыс тіліне ресми аудармасын шолу комитетінің мүшесі;

• 2009, 2008 және 2006 жылдары – Халықаралық Аудит стандарттарының орыс тіліне ресми аудармасының бірлескен редакторы және жетекшісі, ҚР аудиторлар палатасы.

Жұмыс тәжірибесі:

• 2015 ж. – қазіргі уақытта – Консультант, Қаржы есептілігі, аудит және корпоративтік басқару саласындағы реформалар орталығы, Дүниежүзілік банк;

• 2015–2005 жылдары – Әріптес, «BDO Қазақстан аудит» ЖШС;

• 2012, 2005 ж. – Консультант, Дүниежүзілік банк;

• 2011/2012 академиялық жыл, ҚМЭБИ университеті, қаржы кафедрасының оқытушысы;

• 2010–2003 жылдары – Халықаралық қатынастар жөніндегі комитет Төрағасы, БКҰ Төрағасының орынбасары, Кеңес мүшесі, «Қазақстан Республикасының Кәсіби бухгалтерлер палатасы» БКҰ;

• 2010–2008 жылдары – Дамушы ұлттар комитеті мүшесі, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы

• 2009 ж. – қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет мәселелері жөніндегі консультативтік органының мүшесі.

Директорлар кеңесіндегі мүшелік:/p>

• 2013 ж. – қазіргі уақытта – Тәуелсіз директор, «Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы» АҚ

• 2008 ж. – 2020 ж. – Тәуелсіз директор, «Эйр Астана» АҚ;

• 2017–2015 жылдары– Тәуелсіз директор, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ;

• 2015–2008 жылдары – Тәуелсіз директор, «Қазақтелеком» АҚ

Компанияның, Компанияның өнім берушілерінің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

• «Назарбаев Университеті» ДБҰ Жоғары Бизнес мектебі, «Executive MBA» бағдарламасы, 2019 ж. – қазіргі уақытта;

• Ұлыбританияның директорлар институты (IoD), Сертификатталған директор, 2018 ж.;

• М.С. Нарықбаев атындағы ҚазГЗУ, Астана қ., мамандығы «Қаржы», 2018 ж.;

• Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, Алматы қ., мамандығы «Құқықтану», 1999 ж

Жұмыс орны, соңғы бес жылда ұйымдарда атқарған лауазымдары:

• 2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді дамыту департаментінің Жаңа компанияларды дамыту секторының басшысы;

• 2018 – 2020 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді дамыту департаментінің аға менеджері;

• 2016–2018 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Жаңа жобаларды дамыту департаментінің аға менеджері;

• 2014–2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» АҚ Мұнай газ және индустриалды активтер дирекциясының бас сарапшысы;

• 2011–2014 жылдары –«Самұрық-Қазына» АҚ Индустриалды активтер дирекциясының аға сарапшысы

• 2009–2011 жылдары –«Самұрық-Қазына» АҚ Тау-кен өнеркәсібі активтері дирекциясының бас сарапшысы;

• 2009 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Өнеркәсіптік активтер дирекциясының бас сарапшысы;

• 2008–2009 жылдары – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдинг» АҚ Өнеркәсіптік активтерді басқару Дирекциясының сарапшысы;

• 2008 ж. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ көлік және өнеркәсіптік активтерін басқару тобының сарапшысы;

• 2007–2008 жылдары – «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ Өнеркәсіптік активтерін басқару тобының сарапшысы.

Қосарлар жұмыс істеу және ДК-гі мүшелік:

• «SSAP» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі (бұрынғы «Қазатомөнеркәсібі» КҚЗ БК» ЖШС);

• «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі («Самұрық-Қазына» АҚ өкілі), 2017–2018 жылдары.

Компанияның, Компанияның өнім берушілерінің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді

Директорлардың тәуелсіздік межелері:

«Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 1-бабының 20-тармақшасына, Жарғыға, Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес «тәуелсіз директор» Директорлар кеңесінің мүшесі болып белгіленеді, ол:

– Қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайды;

– Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін үш жыл ішінде қоғамның үлестес тұлғасы болған жоқ (Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда);

– Қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болған жоқ; Қоғамның лауазымды тұлғаларымен немесе Қоғамның үлестес тұлғалары болып табылатын ұйымдармен бағыныштылығы бойынша байланыста болған жоқ

– Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныштылығы бойынша байланысқан жоқ;

– Қоғамның аудиторы емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін үш жыл ішінде болған жоқ;

– аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде Қоғамның аудитына қатыспайды және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудитқа қатысқан жоқ;

– мемлекеттік қызметкер емес;

– Қоғам органдарының отырыстарында жалғыз акционердің өкілі емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейін үш жыл ішінде болған жоқ.

Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамның Директорлар кеңесіне алдын ала Директорлар кеңесі мүшелерінің өзге ұйымдардағы жұмыстар мен лауазымдарды қосарлап атқаратыны туралы алдын ала хабарлайды.

Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері Қоғамға бәсекелес ұйымдардағы Директорлар кеңесінің құрамына кіре алмайды және атқарушылық лауазымдарды алмастыра алмайды

Қоғамның Тәуелсіз директоры осы есепті құрастыратын күні Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңында, жарғыда және Корпоративтік басқару кодексінде келтірілген тәуелсіздік межелеріне толығымен сәйкес келеді.

04

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ

Директорлар кеңесінің қызметін бағалау «SamrukKazyna Construction» АҚ 2017 жылғы 27 ақпандағы № 130 шешімімен бекітілген Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің Төрағасы мен мүшелерінің және Корпоративтік хатшының қызметін бағалау Саясатына сәйкес жүргізіледі.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 9 қарашадағы шешімімен сауалнама және сұхбат алу жолымен Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Директорлар кеңесі мүшелерінің және корпоративтік хатшының қызметіне 2019–2020 жылдар қорытындысы бойынша баға беру туралы шешім қабылданды. Жұмыс көлемі жалпы Директорлар кеңесінің қызметін, Директорлар кеңесі Төрағасының қызметін бағалауды, Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі мен Корпоративтік хатшының қызметін жеке-жеке бағалауды қамтыды. Директорлар кеңесінің, Төрағаның, Директорлар кеңесі мүшелерінің және корпоративтік хатшының қызметін бағалау қорытындысы бойынша атқарушы органның қысқа мерзімді НҚК, белгілі бір уақыт өткеннен кейін Директорлар кеңесінің не дұрыс, не бұрыс шешім қабылдағанын бағалау үшін стратегияға қатысты Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің ретроспективті талдауын жүргізу сияқты сұрақтар бойынша елеулі түрде жақсарту талап етіледі.

Тұрақты даму қағидаларын насихаттау, Директорлар кеңесіне материалдарды ұсыну сапасын арттыру сияқты бағыттарда корпоративтік басқару тәжірибесін жалғастыру талап етіледі.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 09 қарашадағы шешімімен сауалнама және сұхбат алу жолымен Директорлар кеңесінің, Басқарманың, Директорлар кеңесі мүшелерінің және корпоративтік хатшының қызметіне 2019–2020 жылдар қорытындысы бойынша баға беру туралы шешім қабылданды.

05

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

Қоғамда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және Қоғамның Директорлар кеңесінің сыртқы сарапшыларды тарту саясаты қолданылады, ол Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тартуға қатысты Директорлар кеңесі мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. 2020–2021 жылдары Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарына сәйкес 2020 жылғы қыркүйек айында Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері «Risk management» («Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС Бизнес академиясы) стратегиялық сессиясының оқыту семинарына қатысты. 2020 жылғы қазан айында Директорлар кеңесінің мүшелері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары өткізген «Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңалықтар және әдептілік идеологиясын қалыптастыру» семинарына қатысты.

Анықталған қажеттіліктерді ескере отырып, Қоғамның Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 155 шешімімен 2021 жылға Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру жоспары бекітіліп, оған Директорлар кеңесінің бүкіл құрамы үшін «Қазақстандағы құрылыс қызметінің кіріспесі» тақырыбына семинардан өту, сонымен қатар Ұлыбританияның Директорлар институтының тәуелсіз директорларға арналған 3-сертификаттау деңгейін аяқтау енгізілді.

Директорлар кеңесінің қызметі бекітілген жылдық жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. Қоғамда 2020 жылы Қоғамның директорлар кеңесінің 8 бетпе-бет отырысы өткізілді. Қоғам қызметінің негізгі аспектілері бойынша барлығы 104 сұрақ қарастырылды.

2020 жылдың сәуір айынан бастап COVID-19 пандемиясы салдарынан әлемдегі экономикалық және қаржылық жағдайдың нашарлауымен байланысты шығындарды оңтайландыру мақсатында 2020 және 2021 жыл ішінде Директорлар кеңесінің сыртқа шығып өткізілетін отырыстары тәжірибесін қысқарту жөніндегі «Самұрық-Қазына» АҚ шешімі негізінде Директорлар кеңесінің бетпе-бет отырысы бейнеконференция арқылы өткізілді.

Корпоративтік басқару

– Қоғамда корпоративтік мәдениеттің диагностикасын өткізу шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ корпоративтік құндылықтары бекітілді.

– Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2019 жылғы жылдық есебі, сонымен қатар GRI Нұсқаулығына сәйкес әзірленген тұрақты даму саласындағы есеп бекітілді;

– Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінің қағидалары мен ережелерінің орындалуы туралы 2019 жылғы есеп бекітілді.

– Қоғамның Директорлар кеңесі мен корпоративтік хатшысының 2019 жылғы қызметі туралы 2019 жылғы есеп, сонымен қатар Директорлар кеңесі тапсырмаларының жүйелі мониторингі қарастырылды.

– Қоғамның басқарушы қызметкерлерінің, комплаенсбақылаушысының, ішкі аудит қызметінің, корпоративтік хатшысының 2020 жылғы уәждемелік негізгі қызмет көрсеткіштері және олардың қызметінің бағалауы бекітілді.

– Қоғамның орталық аппаратының жаңа редакциядағы ұйымдастыру құрылымы бекітілді;

– Басқарманың сандық құрамы белгіленіп, Қоғамның Басқарма мүшелері Сатып алу жөніндегі Басқарушы директорды және Операциялық қызмет жөніндегі Басқарушы директорды сайлады

– Бағалау шеңберінде лауазымдардың сипаты мен бағалауын ұйымдастыру құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып қайта бағалау және бекіту, сонымен қатар басқарушы қызметкерлер мен Директорлар кеңесіне бағынышты қызметкерлердің лауазымды жалақы мөлшерін белгілеу.

Тәуекелдерді басқару

– Тәуекелдерді басқару жөніндегі тоқсан сайынғы Есептерді қарастыру.

– Қоғамның контрагент банктерінің міндеттемелері бойынша лимит белгілеу.

– Тәуекелдер регистрін, Қоғамның тәуекелдер картасын және ондағы өзгерістерді бекіту.

– Тәуекел-тәбетін, толеранттылық деңгейлерін және болжанған жылға негізгі тәуекел көрсеткіштерін бекіту.

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ң контрагент банктеріне лимит белгілеу саясатын жаңа редакцияда бекіту

– Тәуекел-тәбетін және толеранттылық деңгейлерін анықтау және мониторинг жүргізу саясатын бекіту.

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ сыйбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту.

– Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету туралы» заңын жүзеге асыру бойынша Қоғамның 2021 жылғы Іс-шаралар жоспарын бекіту.

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да жобалау мен құрылыс сатысындағы комплаенс тәуекелдер туралы есепті қарастыру

Ішкі аудит

– Жылдық аудиторлық жоспарды және оның өзгерістерін бекіту.

– Қоғамның Ішкі аудит қызметінің бюджетін бекіту.

– Ішкі аудит қызметінің есептерін бекіту.

- Директорлар кеңесінің Ішкі аудит қызметімен жабық кездесуін өткізу.

- Бұл кездесулер Директорлар кеңесінің күн тәртібі аясында жоспарланған.

06

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ

Директорлар кеңесінің қызметіне қолдау көрсету мақсатында Компанияда келесі комитеттер құрылған және олардың міндетіне өздерінің функционалдық міндеттері аясында қайсы бір мәселе бойынша ұсынымдарды әзірлеу және сұрақтарды қарастыру кіреді:

– Аудит жөніндегі комитет;

– Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет;

– Стратегиялық және инвестициялық сұрақтар жөніндегі комите

Директорлар кеңесі жанындағы Комитеттер туралы ережелерге сәйкес комитеттердің әрқайсысы Директорлар кеңесіне жыл сайынғы негізде атқарылған жұмыс туралы есепті ұсынады. 2020 жыл ішінде Директорлар кеңесі мүшелері санының өзгеруімен байланысты Комитеттердің отырыстары өткізілген жоқ.

07

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМА МҮШЕЛЕРІНЕ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Тәуелсіз директорларды қоспағанда, Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшелері өз қызметін ақысыз негізде жүзеге асырады. Тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу тәртібі «Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялары директорлар кеңесінің құрамын құру Қағидаларына сәйкес белгіленеді. 2020 жылы тәуелсіз директорға төленген сыйақы 6 млн теңгені құрады. Қоғамның басқарушы қызметкерлері (Басқарма мүшелері) қызметінің тиімділігін бағалау Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін және функционалды қызмет бағыттары бойынша Басқарма мүшелерінің нәтижелерге қол жеткізу деңгейін сипаттайтын негізгі қызмет көрсеткіштерін орындау негізінде жүзеге асырылады.

Негізгі қызмет көрсеткіштері карталарын әзірлеу, бекіту және оның мониторингін жүргізу процесі, сонымен қатар сыйақы сомасын есептеу тәртібі Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Қоғамның басқарушы қызметкерлерінің қызметі мен сыйақысын бағалау ережелерімен белгіленген.

08

БАСҚАРМА

Қоғамның ағымдағы басшылығын басқаруды Басқарма түріндегі алқалық орган жүзеге асырады, оны Басқарма Төрағасы басқарады. Басқарма қызметі Жалғыз акционердің мүдделерін барынша сақтауға, сонымен қатар Қоғамның міндеттерін орындап, оның стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. Басқарманың жұмысын ұйымдастыру, оның отырыстарын шақырып, өткізу тәртібі, шешім қабылдау тәртібі Коғам Басқармасы туралы ережемен белгіленеді.

Басқарма қызметінің негізгі қағидалары: адалдық, әділдік, парасаттылық, қырағылық және тұрақтылық. Басқарма жүйелі отырыстарды бетпе-бет нысанда дауыс беру арқылы өткізеді. Басқарма жанында 4 комитет жұмыс істейді: Қызметті жоспарлау мен бағалау комитеті, Инвестициялық комитет, Тәуекелдерді басқару комитеті, Тұрақты даму комитеті.

Білімі:

• «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» Алматы сәулет-құрылыс институты, 1986 ж.

Жұмыс тәжірибесі:

• 2018 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы.

• 2018 ж. – «Объектілердің құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Бас директоры.

• 2016–2018 жылдары – «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «ЭКСПО-2017 Астана Құрылысы Дирекциясының» Бас директоры.

• 2009–2016 жылдары – «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ Президенті.

Компанияның, Компания өнім берушілердің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді

Білімі:

• Қарағанды политехникалық институты, инженерлікқұрылыс факультеті, 1997 ж.

• Жезқазған университеті, инженерлік-механика факультеті, 2000 ж.

• Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті, 2017 ж.

Жұмыс тәжірибесі:

• 2019 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Жобалау және құрылыс жөніндегі басқарушы директоры.

• 2019 ж. – Басқарушы директор – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Құрылыс департаментінің директоры.

• 2019 ж. – Басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Құрылыс департаментінің директоры.

• 2018 ж. – «Объектілердің құрылысы жөніндегі компания» КҚ Құрылыс департаментінің директоры.

• 2016–2018 жылдары – «Астана ЭСКПО-2017» АҚ Құрылыс департаментінің директоры.

• 2012–2016 жылдары «Orda Glass ltd» ЖШС жобасының Бас менеджері.

Компанияның, Компания өнім берушілердің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

• Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), заң факультеті, 2006 ж.

Жұмыс тәжірибесі:

• 2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарушы директор – Сатып алу және объектілерді басқару департаментінің директоры.

• 2019–2020 жылдары – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Сатып алулар және объектілерді басқару департаментінің директоры.

• 2018 – 2019 жылдары – «Объектілердің құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

• 2016–2018 жылдары – «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

• 2011–2016 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резервi дирекциясы» РМҚК Мемлекеттік сатып алулар бөлімінің бастығы.

• 2009–2011 жылдары – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы Заң бөлімінің бас маманы.

• 2009 ж. – «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің корпоративтік хатшысы.

• 2007–2009 жылдары – «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ Заң бөлімінің бас маманы, заң мәселелері жөніндегі кеңесші.

Қоғамдық жұмысы: Нұр-Сұлтан қ. Велосипед спорт федерациясының президенті.

Білімі:

• Қазақ гуманитарлық-заң университеті, заң факультеті – 2007 ж., мамандығы – құқықтану.

• Қарағанды «Болашақ» университеті, академиялық дәрежесі – заң ғылымдарының магистрі – 2012 ж.

Жұмыс тәжірибесі:

• 2020 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі/ Әкімшілікқұқықтық департамент директоры

• 2018–2020 жылдары – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Әкімшілік-құқықтық департамент директоры.

• 2018 ж. – «Объектілердің құрылысы жөніндегі компания» КҚ Әкімшілік-құқықтық департамент директоры.

• 2017–2018 жылдары – «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының Құқықтық қамтамасыз ету және еңбекті қорғау қызметінің басшысы

• 2016–2017 жылдары – «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының Әкімшілікқұқықтық департамент бас менеджері

• 2015–2016 жылдары – «Астана ЭКСПО-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының Әкімшілікқұқықтық департамент менеджері.

• 2014–2015 жылдары – Алматы қ. Прокуратурасы, Әуезов ауданы прокурорының көмекшісі.

• 2012–2014 жылдары – Алматы қ. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық жөніндегі істерді ашу және алдын алу басқармасы 2-бөлімінің аға инспекторы, Көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашу басқармасының аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға инспектор.

• 2009–2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті Кадрлар және өзіндік қауіпсіздік басқармасының сарапшысы (бастықтың міндетін атқарушы).

• 2009 ж. – Қазақстан Республикасының Жер ре сурстарын басқару агенттігі Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау басқармасының сарапшысы.

• 2008–2009 жылдары – «BET and Com» ЖШС директорының заң мәселелері жөніндегі орынбасары.

• 2007–2008 жылдары – «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әкімшілік ғимаратының дирекциясы» РМҚК Ұйымдастыру – кадр басқармасының сарапшысы, құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету секторының меңгерушісі, кеңесшісі.

Компанияның, Компания өнім берушілердің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.

Білімі:

• Aberdeen University, MA in Econometrics and International Relations, 2006 ж. – бакалавриат және магистратура.

Жұмыс тәжірибесі:

• 2019 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

• 2018–2019 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры;

• 2016–2018 жылдары – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Стратегия және трансформация департаментінің директоры;

• 2014–2016 жылдары – «Қалаэлектржелісі» ЖШС Төрағасының экономика жөніндегі орынбасары, «Қаласуканалы» РМКК инвестициялар жөніндегі директор кеңесшісі.

Компанияның, Компания өнім берушілердің және бәсекелестерінің акцияларына иелік етпей

09

2020 ЖЫЛҒЫ БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

2020 жылы Басқарманың 44 отырысы бетпе-бет өткізіліп, 257 мәселе бойынша шешім қабылдан

Басқарма 2020 жылы қабылдаған негізгі шешімдер:

– 2019–2023 жылдарға Қоғамның Бизнес-жоспарының орындалғаны туралы есептерге, сонымен қатар 2019 жылғы Жылдық бюджеттің орындалғаны туралы есепке және «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Қаржы есептілігінің егжей-тегжейлі талдауына қатысты сұрақтар бойынша;

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ң 2021–2025 жылдарға Бизнес-жоспарын мақұлдау мәселесі бойынша;

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ң аудит жүргізілген жылдық қаржы есептілігін (шоғырландырылған және жеке) алдын ала бекіту мәселесі бойынша;

– құрылыс жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша;

– Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуімен байланысты халыққа және бизнеске қолдау көрсету шаралары;

– инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер бойынша;

– уақытша бос ақшаны орналастыру туралы;

– тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлер мен коммерциялық үй-жайларды жалдау бағасы мен құнын бекіту бойынша;

– «СҚ Девелопмент» ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлесінің 51 % өткізуді алдын ала мақұлдау бойынша;

– «Нұр-Сұлтан қ. Мыңжылдық аллеясындағы көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы», «Ақтөбе қаласындағы «Бавария» тұрғын үй кешенінің құрылысы», Алматы қ. «Ақкент» ықшам ауданындағы тұрғын үй кварталының құрылысы» инвестициялық жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша;

– кейіннен Қоғамның Директорлар кеңесінің қарауына жолданған сұрақтар мен ішкі нормативтік құжаттарды алдын ала қарастырып, мақұлдау бойынша;

– ұйымға қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзіретіне жататын қызмет мәселелері бойынша акциялары «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ң сенімді басқаруына табысталған жарғылық капиталдағы қатысу үлестері;

– Қоғам мен оның еншілес компанияларының қызметін реттейтін ішкі құжаттарды бекіту және мақұдау, сонымен қатар: штаттық кесте мен ұйымдастыру құрылымы;

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма құрамын өзгерту мәселелесі бойынша;

– 2021–2025 жылдарға негізгі ұлттық индикаторларды бөлшектеп байланыстыру жөніндегі болжамды ақпаратты бекіту мәселесі бойынша;

– «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қазынашылық портфелінің негізгі параметрлерін мақұлдау сұрағы бойынша;

– Қоғамның құрылымды бөлімшелері туралы ереже;

– Дауды (жанжалды) реттеу туралы келісім;

– Еңбек тәртібінің ережелері;

– Әкімшілік-басқарушы қызметкерлерді іздеу мен іріктеу ережелері;

– Комплаенс-тәуекелді басқару саясаты;

– Жобаларды басқарғаны үшін сыйақы төлеу саясаты;

– Іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;

– Жалғыз акционердің күткенін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;

– Ай сайынғы негізде негізгі тәуекелді көрсеткіштер мониторингі;

– 2020 жылы Бірінші кезекте сатып алынатын заттардың тізімін бекіту және т. б.

10

ІШКІ АУДИТ

Қоғамда ішкі аудиттің жалпылай мойындалған үлгісі қолданылады, ол бойынша ішкі аудит функциясы ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару функциясынан ажыратылған. Ішкі аудит әділдік пен дербестікті қамтамасыз ететін арнайы функционалды-әкімшілік бағыныштылық пен есептілік режімінде орналасқан. Ішкі аудит қызметі аудиторлық тексерулер мен консультациялар барысында тәуекелдерді ішкі бақылау мен басқару жүйесінің тиімділігін бағалауға және оны арттыруға жүйелі әрі бірізді ұстанымды қолдану жолымен стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге ықпал ету үшін құрылған және Қоғамның Директорлар кеңесіне есеп береді.

Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Ішкі аудит қызметі келесі функцияларды жүзеге асырады:

– Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесінің барабарлығы мен тиімділігіне баға береді;

– Қоғамдағы тәуекелдерді және тәуекелдерді басқару рәсімдерін бағалау әдістемесінің толық қолданылуы мен тиімділігіне баға береді;

– Қоғамның этикалық стандарттары мен құндылықтарына сәйкес қабылданған корпоративтік басқару қағидаларының енгізілуі мен сақталуына баға береді және т. б.

Директорлар кеңесі жыл сайын Ішкі аудит қызметінің тәуекелге бағдарланған Жылдық аудиторлық жоспарын, сондай-ақ Ішкі аудит қызметі мен оның басшысының негізгі қызмет көрсеткіштерін бекітеді. Қоғамның Директорлар кеңесіне ішкі аудит қызметінің тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есебі ұсынылады. Ішкі аудит қызметі өз қызметінде қолданыстағы Халықаралық ішкі аудит стандарттарын және Ішкі аудиторлардың халықаралық институты қабылдаған Ішкі аудиторлардың этика кодексін ескереді және Қоғамда бекітілген ішкі аудит жөніндегі жергілікті нормативтік актілерді басшылыққа алады. Ішкі аудит қызметі 2020 жыл ішінде 11 жоспарлы тапсырманы және 3 жоспардан тыс аудиторлық тапсырманы орындап, консультациялар өткізді. Өткізілген бағалаулар мен тексеру нәтижелері бойынша Ішкі аудит қызметі өз құзырындағы кез келген мәселе бойынша сәйкес ұсынымдар мен түсіндірмелерді әзірлейді. Жылдық біліктілікті арттыру жоспарына сәйкес Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері өз біліктілігін жетілдіріп, арттыру мақсатында семинарлар мен тренингтерден өтті. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері жыл сайын ҚР Ішкі аудит институты мүшелерінің кездесуіне қатысып отырад