«Samruk-Kazyna Construction» АҚ
2020 жылдық есеп

ҚОҒАМДЫ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУ

01

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ БАСҚАРУ

02

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ АНЫҚТАУ

03

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ӨЗАРА ТИІМДІ ӘРЕКЕТТЕСУ

04

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ

05

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТҚА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

06

ЖЕТКІЗІЛІМДЕРДІҢ ЖАУАПТЫ ТІЗБЕГІ

07

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ӘСЕРДІ БАСҚАРУ

Қоғам экологиялық теңгерімді сақтау және қоршаған ортаға күтіммен қарау қажеттілігін түсіне отырып, қоршаған ортаны қорғау қызметін өзінің ағымдағы жұмысының маңызды бөлігі ретінде қарастырады. Құрылыс сапасын бақылау шеңберінде Қоғам құрылыс жүргізушілердің құрылыс алаңдарында түзілетін қоршаған ортаға жанама шығарындылар мониторигін жүргізеді. Құрылыс объектісінен әуе ортасына ауқымды теріс әсер беріледі. Құрылыс алаңдары құрылыс жүргізілген аумақтардың атмосфералық ауасы мен халық денсаулығына теріс әсер ету көздерін түзеді, олар тұрғын үй құрылысына тікелей жақын орналасқандықтан жағдай жиі қиындай түседі. Атмосфераға ластаушы шығарындылар құрылыс алаңының аумағын инженерлік дайындаудан бастап аумақты апаттандыру мен көгалдандыруға дейінгі құрылыс процесінің барлық сатысында түзіледі. Құрылыс алаңдарындағы атмосфераны ластандыру көздері болып құрылыс машиналары мен механизмдер – автокрандар, экскаваторлар, грейдерлер, өзі аударғыш машиналар, бортты автомобильдер, бетон сорғылары мен бетон араластырғыштар, домалатқыштар, асфальт төсегіштер, автогудронаторлар, дизельді генераторлар, дәнекерлеуші аппараттар, кескіш станоктар, тегістегіш машиналар және т. б. табылады.

Қоғамның құрылыс объектілері атмосфераға әртүрлі деңгейде әсер етеді және бірінші кезекте бұл орындалатын құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлеміне байланысты болады. Қоршаған ортаға зиянды заттар эмиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. ҚР Салық кодексіне сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы алынады. Қоршаған ортаға эмиссиялардың белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан жоғары болатын қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады: ластандырғыш заттардың шығарындылары; ластандырғыш заттардың төгінділер; орналастырылған өндіріс және тұтыну қалдықтары. Қоғам объектінің құрылысы кезінде және өзіне арған міндеттемелер мен нормативтерді орындайтын кезде құрылыс жүргізушілердің ластанулардың кешенді бағалауын міндетті түрде жүргізуін қадағалайды. Жұмыс жобаларын зерттейтін кезде қоршаған ортаға әсерді бағалау жөніндегі ақпарат және экологиялық зардаптар туралы мәлімдемелер талданады. Сондай-ақ, құрылыс салушылардың объектілерді салатын кезде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасынан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алуын тексеру

08

ТИІМДІ КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ

Қоғамда келесі корпоративтік құндылықтар қалыптасқан:

Көрсетілген корпоративтік құндылықтар корпоративтік мәдениет нормасына және жүріс-тұрыс моделін дамыту тиімділігінің негізгі факторларына айналуы тиіс. Қоғам басшылығы бағыт-бағдар беріп, қызметкерлер Қоғамның стратегиялық мақсаттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында өзгерістерге дайын болып, акционерлермен бірге табыс пен залалды қатар бөлісе отырып, актив иегерлері ретінде ойналып, әрекет ететіндей жоғары өнімділік, жауапкершілік пен нәтижеліліктің корпоративтік мәдениетін сақтауы тиіс.

09

КАДРЛАР ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

10

ОҚЫТУ

11

ЫНТАЛАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ

Қоғамдағы еңбекақы төлеу жүйесі Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы және сыйақы төлеу ережелерімен реттеледі, оның басты мақсаты – көздеген мақсаттарға жету жолында қызметкерлердің тиімділігін бағалау және есептік кезең ішіндегі қызмет нәтижелері үшін қызметкерлерді көтермелеуге мүмкіндік беретін еңбекақы төлемі жүйесін белгілеу арқылы Компанияның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қолдау көрсету.

2019 жылы Қоғам қызметкерлері жалақысының бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау үшін жалақы нарығын талдау және лауазымдарды топтастыру жүргізілді, 2020 жылы басқарушы және әкімшілік қызметкерлерді лауазымдары бойынша топтастыруды ескере отырып, еңбекақы төлемінің жүйесі енгізілген. 2009 жылдан бастап Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережелері күшке енген, онда қызметкерлерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері мен талаптары белгіленген. Қоғам қызметкерлеріне келесі әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіледі: Материалдық көмек; Өтемақылық шығындар; Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін медициналық сақтандыру. Қоғамда еркектер мен әйелдердің еңбегі үшін тең сыйақы қарастырылған. Қызметкерлердің қызметін бағалау тәртібіне сәйкес жыл сайын есептік жылдың 31 желтоқсанына дейін әкімшілік және басқарушылық қызметкерлердің кешенді бағалауы жүргізіледі. Осылайша, 2020 жылы қызметінің тиімділігі мен мәнсабының өрлеуіне қатысты шолуды алған әкімшілік қызметкерлер саны 96 % құрады. Басқарушы қызметкерлер Қоғамның негізгі қызмет көрсеткішіне қол жеткізуі бойынша бағаланады.

12

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН БАСШЫЛЫҚТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

Қоғамда жүргізілетін барлық маңызды жобалар бойынша Басқарма Төрағасының қызметкерлерге үндеуі құрылады. Осылайша, 2020 жылы Қоғам қызметкерлеріне үндеуде корпоративтік мәдениетті дамыту мен диагностика жобалары, сонымен қатар лауазымдарды топтастыру жүйесін енгізу жобасы туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы шеңберінде Қоғамда төмендегілер ұдайы өткізіліп отырады

– басқарушы қызметкерлер мен құрылымды бөлімше басшыларының қатысуымен операциялық қызмет мәселелері бойынша апта сайынғы аппараттық мәжілістер;

– Басқарма Төрағасының құрылымды бөлімше қызметкерлерімен функционалдық міндеттерді орындау және есептік кезең ішінде бекітілген Мақсаттар картасына қол жеткізу мәселелері бойынша тоқсан сайынғы кездесулері.

Қоғамда Басқарма Төрағасымен қызметкерлердің сұрақтарын, проблемаларын және ұсыныстарын бейресми жағдайда талқылау үшін «галстуксіз» форматта кездесулер өткізу тәжірибесі енгізілген. Апта сайынғы негізде басшылықтың қызметкерлерді жеке сұрақтар бойынша қабылдау сағаттары белгіленген.

13

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

14

ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ