«Samruk-Kazyna Construction» АҚ
2020 жылдық есеп

ЕСЕП ТУРАЛЫ

01

ЕСЕП ТУРАЛЫ

02

ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМ

31.12.2020 жылғы жағдай бойынша Қоғамның жарғылық капиталы 19 990 162 мың теңгені құрайды.

  • – Қоғамның 100 % акциялары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на (Жалғыз акционер) тиесілі. Жарияланған және орналастырылған акциялардың жалпы саны – 16 247 541 дана, оның ішінде:
  • – бір акцияның номиналды құны 1 000 теңгеден 15 000 000 дана;
  • – бір акцияның номиналды құны 4 000 теңгеден 1 247 540 дана;
  • – бір акцияның номиналды құны 2 490 теңгеден 1 дана.
  • – Барлық акциялар жай акция болып табылады.

Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жүргізеді

03

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫР

04

ТОП ҚҰРЫЛЫМЫ (31.12.2020 ж. жағдай бойынша)

05

2020 ЖЫЛҒЫ ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ШОЛУ

Қоғамның есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған жалпы табысы 23,1 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15 %-ға төмен. Негізгі өзгеру факторлары:

есептік кезең ішінде өткізуден түсетін табыс 2019 жылы жер телімі мен «Berkut Development» ЖШС-ң аяқталмаған құрылысын өткізумен байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 млрд теңгеге төмен болды;

есептік кезең ішіндегі өзге операциялық шығындар 2,7 млрд теңгеге төмен болды, өйткені 2019 жылы тиісті шарттар бойынша міндеттемелерін бұзғаны үшін коммерциялық тұрғын үй шеңберінде оларды салушылар ұсынған өсімақылар мен айыппұлдар, сонымен қатар тиісті шарттың бұзылуымен байланысты «Baur Development» ЖШС ұсынған айыппұл түріндегі табыстар және облигацияларды орналастыру мерзімінің анағұрлым ұзағырақ болуымен байланысты облигациялар бойынша шығындарды өтеуден түскен табыстар есепке алынды.

Сонымен қатар депозиттерге орналастырылған ақша қаражаты көлемінің өзгеруімен байланысты, сондай-ақ 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда қаражаттың анағұрлым жоғары мөлшерлеме бойынша орналастырылуымен байланысты есептік кезең ішіндегі қаржылық табыстар 2019 жылмен салыстырғанда 0,7 млрд теңгеге жоғары болды.

Қоғамның есептік кезең ішіндегі шоғырландырылған жалпы шығындары 14,2 млрд теңгені құрады, бұл 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 26 %-ға төмен. Жалпы шығындардың өзгеруі төмендегілермен байланысты:

тікелей сату әдісімен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткізу көлемінің ерекшеленуімен байланысты есептік кезең ішінде сатылған үй-жайлардың өзіндік құны 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге төмен болды, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің шығындарды қайта есептеуімен байланысты жылжымайтын мүлікті өткізгенге дейін жылжымайтын мүлікті күтіп ұстау шығындары есептік кезең ішінде төмен болды;

есептік кезең ішіндегі жалпы әкімшілік шығындар 0,4 млрд теңгеге төмен, бұл қызметкерлер санының өзгеруімен байланысты. Сондай-ақ 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда ЖӘШ-ң өзгеруіне Қоғамның 2019 жылғы осындай кезең ішінде көтерген мемлекеттік баж салығының шығындары және басшылықтың сыйақысына шыққан шығындар әсер етті;

есептік кезең ішіндегі қаржылық шығындар міндеттемелер көлемінің өзгеруімен байланысты 2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 0,5 млрд теңгеге төмен болды.

06

МАҢЫЗДЫ МӘМІЛЕЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2020 жылы жасалған және жасалуына қызығушылық танытылған мәмілелер туралы ақпарат № 1 қосымшада келтірілген.

07

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ

Қоғамда тәуекелдерді басқару тұрақты әрі үздіксіз процесс болып табылады және әлеуетті түрде тәуекелді оқиғаларды дер кезінде сәйкестендіруді және Қоғам қызметіне теріс әсер етуі мүмкін тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі іс-шаралардың қолданылуын қамтамасыз етуді және алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді көздейді. Бұндай оқиғаларды алдын алу мүмкін болмаған жағдайда, Қоғам теріс зардаптарды барынша азайтуға қажетті барлық іс-шараларды жүзеге асырады. Қоғамда тәуекелдерді басқарудың жалпылай қабылданған концептуалды үлгілеріне және Тредвей комиссиясының Демеушілік ұйымдар комитеті әзірлеген ұсынымдарға негізделген тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі әрекет етеді (COSO ERM «Ұйымның тәуекелдерін басқару: қызмет стратегиясымен және тиімділігімен интеграция»).

Қоғамда ТБКЖ негізгі қағидалары Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау саясатында белгіленген, ол Қоғамның ресми сайтында орналастырылған және ашық қолжетімді болып табылады. Қоғамда тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерін қатыстыра отырып, бірнеше деңгейдегі тәуекелдерді басқарудан тұрады: Директорлар кеңесі, Басқарма, Тәуекелдерді басқару комитеті, Ішкі аудит қызметі, комплаенс-бақылаушы, тәуекедерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше. Қоғамда ішкі бақылау жүйесі жұмыс істейді, ол менеджментке тәуекелдерді жедел анықтап, олардың алдын алуға бағытталған шешімдерді қабылдауға және компанияың стратегиялық мақсаттарына жету жолында ақылға қонымды сенімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады.

Қоғамда тұрақты негізде Тәуекелдерді басқару комитетінің отырыстары ұйымдастырылып отырады, есептер тыңдалып, маңызды тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар талқыланады, ТБКЖ жетілдіру жөніндегі өткізілген іс-шаралар туралы есептер ұсынылады. Жүзеге асырылған тәуекелдер туралы ақпарат Басқармаға және Қоғамның Директорлар кеңесіне дер кезінде жеткізіледі

08

ТБКЖ ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

09

МАҢЫЗДЫ ТӘУЕКЕЛДЕР

Қоғамның 2020 жылғы тәуекелдер тіркелімі мен картасы Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген. 2020 жылы Қоғам регистр мен маңызды тәуекелдер картасына 25 тәуекелді енгізді, олардың ішінде мыналар сыни тәуекелдер болып табылады:

– Жылжымайтын мүлік объектілерінің пайдалануға дер кезінде енгізілмеуі;

– KAONTECH International» ЖШС мен «Шарқұрылыс» ЖШС медиативті келісімдері бойынша міндеттемелерді орындамау тәуекелі;

– Covid-19 індетін жұқтыру тәуекелі.

2020 жыл ішінде осы тәуекелдер жүзеге асырылды, сондай-ақ Қоғам Covid-19 індетін жұқтыру тәуекелі және активтердің құнсыздану тәуекелі сияқты маңызды тәуекелдерді сәйкестендіруді назарға ала отырып, тәуекелдер тізімін жаңартты.

Қоғам тәуекелдердің жүзеге асырылуын және олардың жүзеге асырылу зардаптарын барынша азайту шараларын қолданды, оның ішінде:

– Объектілерді өткізудің тұрақты мониторингі, объектілерге шығу, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға енгізу мен жекеменшікке қабылдау мерзімдері жаңартылған шарттарға объектілерді салушылармен қосымша келісімдер жасау;

– Кейіннен жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алушыларға табыстау үшін анықталған ақаулардың жойылуын бақылау және оның мониторингі;

– Тұрғын үй және тұрғын үйлік емес жылжымайтын мүлікті өткізудің ағымдағы бағаларын талдауды жүзеге асыру. Жылжымайтын мүлік нарығы конъюктурасының өзгеруімен байланысты өткізу әдісі мен өткізу бағасының өзгеруі;

– роблемалық дебиторлық берешекті қайтару жұмысы жүргізілді, кездесулер мен келіссөздер ұйымдастырылды, медиативтік келісімдер шеңберіндегі міндеттемелердің орындалу мәселелері бойынша контрагенттерден келіп түскен ұсыныстар қарастырылды, берешекті белгіленген тәртіппен өндіріп алу үшін жеке және мемлекеттік сот орындаушыларына атқару парақтары жолданды;

– Қоғам қызметкерлерінің бір бөлігі тұрақты негізде қашықтан жұмыс істеуге көшірілді, қызметкерлер офистегі жұмысқа шыққан кезде COVID-19 вирусының РНҚ анықтау тестінен өтеді, офистерді өңдеу жүзеге асырылады.

Өзге тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі жоспарда көзделген іс-шаралар тұрақты негізде жүзеге асырылады. Қоғамның 2021 жылғы тәуекелдер тіркелімі мен картасы Қоғамның Директорлар кеңесінің 09.11.2020 жылғы № 154 шешімімен бекітілген.