«Samruk-Kazyna Construction» АҚ
2020 жылдық есеп

О КОМПАНИИ

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысын орындау үшін құрылған. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі - Жалғыз акционер) шешімімен бекітілген Қоғам Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсету Қоғам қызметінің басты мақсаты болып белгіленген. «Самұрық-Қазына» ұлттық әлауқат қоры» АҚ Қоғамның Жалғыз акционері болып табылад

ПАЙЫМДАУ

Біз қажетті ресурсы, сенімді әріптестер тобы, сонымен қатар жобаларды, құрылыс пен жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруға арналған құзіреті мен тәжірибесі бар ұйымға айналамыз.

МІНДЕТ

Біз сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй ұсыну арқылы Қазақстан Республикасы халқының өмір сапасын жақсартамыз, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының құрылыс және жобаларды басқару тиімділігін арттырамыз.